Ахмади Маханов Еуропада үздік ойыншы атанды
© Сурет: ktf.kz
14 жастағы Ахмади Маханов 2025 жылдың қорытындысымен Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) "Үздік шетелдік ойыншы" атағына ие болды. Ахмади Еуропа одағына кірмейтін мемлекеттер арасынан үздік шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық жас теннисші 2025 жылы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Соның нәтижесінде 16 жасқа дейінгілер арасында Еуропа теннис қауымдастығы рейтингісінде жылды 24-орынмен түйіндеді.
Биылғы маусымда Ахмади Стокгольмде 14 жасқа дейінгілер арасында дәстүрлі түрде Tennis Europe супер санаты бойынша бойынша өтетін Король кубогында жекелей сында алдына жан салмады. Жұптық сында Авеню кубогы, Тим Эссон және Брселав Оупен жарыстарында чемпиондық атақты жеңіп алды. Сондай-ақ жекелей сында Tennis Europe додасында финалға дейін жетті.
Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ахмади Маханов Team Kazakhstan академиясында тіркелген. Жеке бапкері — Павел Цой.
Аталған аталымды 2021 жылы қазақстандықтардан Зара Дәркен еншіледі. Бір жылдан кейін Заңғар Нұрланұлы дараланды. 2023 жылы Ева Корышева мен Даниэль Тазабековтің мерейі үстем болды. Ал өткен жыл соңында Аңсар Ниетқалиев марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:11, 24 желтоқсан 2025
Биатлоннан IBU кубогы: қазақстандықтар спринт пен масс-стартта қалай өнер көрсетті
-
20:51, 24 желтоқсан 2025
25 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:41, 24 желтоқсан 2025
Түрмедегі азаптау ісі: алқабилер 12 қызметкерді тағы да ақтап шығарды
-
20:01, 24 желтоқсан 2025
Президент еліміздегі алғашқы Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді
-
19:42, 24 желтоқсан 2025
ДСМ медицина қызметкерлерінің жалақысы артатыны туралы жағымды жаңалықты хабарлады





