Шымкентте «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы өтіп жатыр⁣⁣⠀

16:41, 17 қараша 2026
MKZ: 1578207

© Сурет: Шымкент қалалық әкімдігі

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай "Көрме" орталығында "Shymkent AI Forum – 2026" өңірлік форумы басталды.⁣⁣⠀

⁣Ауқымды жиынның негізгі мақсаты — өңірде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ілгерілету, тың жобаларды көпшілікке таныстыру, IT-компаниялар мен стартаптар арасындағы әріптестікті арттыру және технологиялық кәсіпкерлікке серпін беру.⁣⁣⠀

⁣⁣Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, IT саласының мамандары, кәсіпкерлер, стартап өкілдері, сала сарапшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері — барлығы 500-ге жуық адам жиналды.⁣⁣⠀

Шымкентте "Shymkent AI Forum – 2026" өңірлік форумы өтіп жатыр⁣⁣⠀, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:41

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігі

⁣⁣Бағдарлама аясында цифрландыру мен жасанды интеллекттің өзекті мәселелерін қамтитын төрт панельдік отырыс өтеді. Қатысушылар "Цифрлық Шымкент: сын-қатерлер және алдағы міндеттер", "AI дәуіріндегі стартаптар", "Why MedTech?" және "AI & ML. Ертең не істейміз?" тақырыптарын талқылайды. Талқылауларға 14 баяндамашы мен 4 модератор қатысады.⁣⁣⠀

⁣⁣Көрме аймағында технологиялық жобалар кеңінен таныстырылды. Startup Alley алаңында стартаптар өз әзірлемелерін ұсынса, өзге компаниялар технологиялық шешімдерін жеке стендтерде көрсетіп отыр.⁣⁣⠀

Шымкентте "Shymkent AI Forum – 2026" өңірлік форумы өтіп жатыр⁣⁣⠀, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:41

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігі

⁣⁣Сонымен қатар қатысушылар үшін медициналық технологиялар саласындағы жаңашыл жобаларды ұсынған 10 команда сынға түсетін "MedTech Startup Battle" байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың жүлде қоры — 1 миллион теңге.⁣⁣⠀

Шымкентте "Shymkent AI Forum – 2026" өңірлік форумы өтіп жатыр⁣⁣⠀, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:41

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігі

⁣⁣Форум аясында робототехникаға арналған Robo Zone мен Game Zone интерактивті алаңдары да жұмыс істейді. Мұнда келушілер заманауи технологиялармен және жаңа цифрлық шешімдермен тәжірибе жүзінде таныса алады.⁣⁣⠀

Шымкентте "Shymkent AI Forum – 2026" өңірлік форумы өтіп жатыр⁣⁣⠀, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:41

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігі

⁣⁣"Shymkent AI Forum – 2026" — мемлекеттік секторды, IT-бизнесті, жоғары оқу орындарын және стартап-қауымдастықты тоғыстырған маңызды технологиялық алаң. Форум қорытындысы өңірдің цифрлық және инновациялық әлеуетін арттыруға, технологиялық жобаларды дамытуға және сала өкілдері арасындағы әріптестікті кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!