35 жастағы ер адамның жүрегінен ине табылды
© Фото: pexels
Қытайда ауруханаға қарапайым шағыммен келген ер адамның денесінен ондаған металл табылды. Олардың бірі жүрек қабына қадалып тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы New York Post жазды. 35 жастағы ер адам дәрігерге зәр шығарған кезде ауырсыну және зәрінде қан болуына шағымданып барған.
Қалған көрсеткіштері қалыпты болған: науқастың өмірлік маңызды көрсеткіштері нормада, өзі де басқа шағым айтпаған.
Алайда дәрігерлер түсірілген суреттен оның кеуде тұсынан түсініксіз көлеңке байқаған. Компьютерлік томографиядан кейін мамандар ер адамның жүрегінен, құрсағынан, жамбасынан, қуықтан және жыныс мүшесінен ине тәрізді көптеген металл затты анықтаған.
Ең үлкен қауіп төндіргені – ұзындығы 3,5 сантиметрлік тігін инесі. Ол перикардты, яғни жүрек қабын тесіп өткен.
Бала кезінен психикалық бұзылыстары бар ер адам бұл заттардың денесіне қалай түскенін түсіндіре алмаған. Оның қамқоршысы болып отырған әкесі де нақты жауап бере алмаған.
"Осыдан екі жыл бұрын науқастың құрсағынан бөгде заттар алынғанын ескеріп, дәрігерлер оның аутоагрессивті мінез-құлқы бар деп күдіктенді. Бұл – адамдардың өз денесіне әдейі әртүрлі заттарды, соның ішінде қыстырғыш, сым, әйнек немесе тігін инесін енгізетін сирек кездесетін бұзылыс", – делінген хабарламада.
Хирургтер науқасқа шұғыл ота жасап, жүрек қабынан ұзақ уақыт бойы сол жерде жатқан, қатты тот басқан металл инені алып тастады. Бір қызығы, оның кеуде тұсында тесу немесе жарақат іздері болмаған.
Жүрек жұмысына байланысты асқынулар салдарынан ер адамға қалпына келуге уақыт қажет болды. Дегенмен тоғыз күннен кейін ауруханадан шығарылып, араға тоғыз ай салып жүрек қызметі толық қалпына келген.
Қалған инелерді алу жоғары қауіп төндіретіндіктен, дәрігерлер оларға тиіспей, науқасты медициналық бақылауда қалдырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:46, 28 қыркүйек 2026
254 келі болған ер адам 158 келі салмақ тастады
-
13:34, 28 қыркүйек 2026
Қарақшылар мұнай танкерінің экипажын кепілге алып, өтемақы талап етті
-
13:22, 28 қыркүйек 2026
Екібастұзда екі жас жүргізуші жолда қауіпті трюк жасаған
-
13:14, 28 қыркүйек 2026
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері үш күнге жабылады: себебі белгілі болды
-
13:09, 28 қыркүйек 2026
Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма: ТЖД болжамды жариялады





