53,4 млн теңге айыппұл, 22 қызметкер жұмыстан босатылды: Қазақстанда жол сапасы тексерілді
© Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі 2026 жылы жол жұмыстарының сапасына шамамен 50 тексеру жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру нәтижесінде 1 670 ақау мен заңбұзушылық анықталған.
"Анықталған ақаулардың қатарында жолдағы шұңқырлар, жарықтар, ойықтар, асфальтбетон жабынының ығысуы, жолтабанның пайда болуы және автомобиль жолдарының пайдалану жағдайына әсер ететін басқа да кемшіліктер бар", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Қазір әрбір дерек бойынша жауапты тұлғалар анықталып, тиісті шаралар қабылданып жатыр. Жұмыс сапасына тиісінше бақылау жүргізбеген техникалық қадағалау мамандарына жалпы сомасы 53,4 млн теңге айыппұл салынды.
"Техникалық қадағалаудың 22 сарапшысы жұмыстан босатылды", – деп мәлімдеді компания.
Айта кетейік, 2026 жылғы 22 қыркүйекте Премьер-министр Олжас Бектенов "ҚазАвтоЖол" басшысын сынға алған еді. Үкімет басшысы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевқа қарата: "Жолдардың сапасына қатысты жағдайды жақсарту қажет. Жұмыс істеңіз, әйтпесе орныңызға басқа адамдар келеді", – деді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:46, 28 қыркүйек 2026
254 келі болған ер адам 158 келі салмақ тастады
-
13:34, 28 қыркүйек 2026
Қарақшылар мұнай танкерінің экипажын кепілге алып, өтемақы талап етті
-
13:22, 28 қыркүйек 2026
Екібастұзда екі жас жүргізуші жолда қауіпті трюк жасаған
-
13:14, 28 қыркүйек 2026
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері үш күнге жабылады: себебі белгілі болды
-
13:09, 28 қыркүйек 2026
Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма: ТЖД болжамды жариялады





