Airbus «экологиялық» ұшақтар шығаруы мүмкін
Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Францияның Airbus әуе құрылысы компаниясы 2030 жылға дейін қоршаған ортаға зиян тигізбейтін «жасыл» ұшақты шығарады. Бұл туралы атқарушы директор Сандра Шеффердің мәлімдемесіне сілтеме жасап, Bloomberg басылымы хабарлады.
Компанияда ірі ұшақтарды экологиялық тұрғыдан жасау қиын екенін айтты. Сондықтан, инженерлер аймақтық рейстерді орындайтын көміртегінің нөлдік шығарындысы бар 100 жолаушы орнына арналған ұшақтарға назар аудардыған. Airbus оларды 2030 жылға дейін ұшыруды жоспарлап отыр.
Алайда, авиақұрылыс компаниясының өкілі олар ірі ұшақтарды да жетілдіріп, кеңейтетінін хабарлады. Мысалы, Airbus A350 әуе лайнеріне жаңа технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Airbus Boeing және басқа да ірі авиақұрылыс компанияларымен бірге 2050 жылға қарай шығарындыны екі есеге қысқартпақ.
«Бүгінгі таңда бұл міндеттемелерді бірыңғай шешу мүмкін емес, бірақ егер біз бірігіп жұмыс істесек, бірнеше шешім табылуы мүмкін», — деп толықтырды Шеффер.
Bloomberg басылымы компанияның бастамасы бірден бірнеше Еуропалық Одақ елдерінің билігінің ұсынысымен сәйкес келгенін атап өтті. Олар әуетасымалдаушылар үшін жаңа экологиялық салық енгізуді жоспарлап отыр. Ресми тұлғалар бұл әуе парктерді неғұрлым экологиялық таза етеді деген сенімде.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл