Алматы орталығындағы тағы екі көшеде тұрақ ақылы болып кетті

14:49, 1 қазан 2019

Бір ақылы бөлік Құрманғазы көшесінің бойымен Сейфуллиннен мен Достыққа дейін созылады. Оның бойында көлік қоятын 142 орын, оның ішінде мүгедектерге арналған 13 тұрақ-орын бар, деп жазады Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші ақылы тұрақ Шевченконың бойында ашылды, Сейфуллин көшесі мен мен Зенков көшесінің аралығында. Онда 205 көлік орны көзделген, оның сегізі мүгедектерге арналған.

"Алматы СпецТехПаркинг Сервис" компаниясы түсіндіргендей, бұл көшелердің бойында ақылы тұрақ енгізу ауадай қажет еді, өйткені бұл жерлер – экономикалық белсенділігі аса жоғары жерлер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!