Tesla балалар көлігін шығарды
© tesla.com
Бұл 2019 жылы «Кибертракпен» бірге көрсетілген квадроциклдың шағын нұсқасы.
Cybertruck-ты сериялы өндіріске шығаратын уақыт әлі келмеген сияқты, соңғы кездері экологиялық квадроциклдан да хабар жоқ.
Бірақ 1 желтоқсанда Tesla сегізден асқан балаларға арналған Cyberquad моделін сата бастады, дейді kolesa.kz.
Cyberquad — монолит рамаға негізделген реттелетін аспасы, дискілік тежеуіштері мен кішкентай электромоторы бар квадроцикл. Салмағы 55 келі тартатын шағын көлік сағатына 16 км жылдамдықпен қозғалады, ал жүріс қоры 24 шақырымға жетеді. Оны қуаттау үшін шамамен 5 сағат уақыт жұмсайсыз.
Машинаны 1900 долларға (828 мың теңге) алуға болады. Балалар мінетін көлік иелеріне екі апта не бір айдан соң жеткізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





