Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қатты боранға байланысты Үшарал — Достық автожолы уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 желтоқсан күні сағат 11: 00 -де ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) республикалық маңызы бар Үшарал — Достық автожолында (84-184 км, Көктұма ауылы-Достық ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облыстық ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарынан бас тартуды және "112" қызметі жіберетін SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде құтқарушылар ауа райы болжамымен танысуға және төтенше жағдайларда қажетті барлық заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:28, 21 мамыр 2026
Mercedes-Benz ең қуатты электромобилін таныстырды
-
10:56, 19 мамыр 2026
BMW компаниясы соңғы үлгідегі моделін ұсынды
-
11:16, 2 қаңтар 2026
Қазақстандықтар енді көліктеріне өздері нөмір таңдай алады - ІІМ
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық





