Иранда президент сайлауында сот жүйесінің басшысы жеңіске жетті

10:45, 21 маусым 2021
501

© Сурет: Ebrahim Noroozi (AP)

18 маусым күні Ирандағы президент сайлауында Жоғарғы соттың төрағасы Ибрахим Раиси жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 62 пайызы немесе 17,9 миллион адам дауыс берді. Сайлауға дауыс беруге құқылы ирандықтардың 48,8 пайызы ғана қатысқан, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Раиси – Батыспен қарым-қатынаста қатаң саясат ұстануды қолдайтын ультраконсерватор. Ол осыған дейінгі президент сайлауында Хасан Руханиға жол беріп, екінші орын алған.

Раиси Иранның Жоғарғы сотын 2019 жылдан бері басқарады. Оның бұл қызметке тағайындалуы БҰҰ деңгейінде сынға ұшыраған. Құқық қорғаушылар оны 1980-жылдары Иранда мыңдаған саяси тұтқынның өлім жазасына кесілуіне қатысы бар деп санайды. Раиси үкім шығарған комитеттің төрт мүшесінің бірі болған.

2019 жылдан бері ол америкалық санкция тізімінде.

Иран Қазақстанмен шектеспейді, бірақ екі ел Каспий теңізі бойынша әріптес. Сондай-ақ екі ел арасында сауда қатынасы бар. БҰҰ дерегінше, Қазақстан Иранға 300 миллион доллардың тауарын экспорттап, ол жақтан 80,7 миллион доллардың тауарын импорттаған.

Сарапшылардың айтуынша, Раисидің жеңісі Иранда Рухани сияқты прагматиктер кері ығысып, Батысқа қарсы бағыттағы қатаң ұстанымды қолдайтындар күш алғанын айғақтайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір