Ауғанстандағы тәліптерге қарсы операция күшейді

17:36, 23 қазан 2017

АҚШ-тың орталық Барлау басқармасы Ауғанстандағы тәліптерге қарсы операция ауқымын кеңейтті.

Бұл туралы New York Times басылымы хабарлады. Деректерге қарағанда, енді Орталық барлау басқармасының сарбаздары бұл елдегі құпия операцияларға белсенді түрде қатыса бастайды.

Айта кетейік, тамыз айында Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиялық жоспарын жариялады. Ол өз сөзінде елден АҚШ әскерінің әзір шыға қоймайтынын меңзеді. Осыдан кейін мұндағы америкалық сарбаздар қатары тағы 3 мың жауынгерге көбейді. Осылайша Американың Ауғанстандағы әскерінің саны 14 мыңға жетті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!