АҚШ-та Байденнің кішкентай қыздармен түскен секс суреті табылды

14:39, 21 қазан 2020

АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байденге қатысты сексуалдық дау-дамай басталайын деп тұр, деп хабарлайды zakon.kz Рамблер-ге сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамптың адвокаты Руди Джулианиге сілтеме берген Washington Examiner газеті Байденнің ұлының ноутбугінен кәмелетке толмаған қыздармен бірге түскен сексуалдық сипаттағы фотосуреттер табылды, деп жазады.

Мәлімдемесіне дәлел ретінде адвокат Newsmax телеарнасының эфирінде Байден-баланың Байден әкесімен жазысқан хатын көрсетті. Джулианидің сөзінше, Хантер Байден қайтыс болған бауырының жесірі Хэлли Байденның мұны кәмелетке толмағандармен тұрпайы әрекет жасады деп айыптағанын әкесіне жазған екен.

Хантер 14 жастағы қыз баламен жалаңаш күйде видеоқоңырау арқылы сөйлескен болса керек.

Джулиани сондай-ақ Байденнің баласының компьютерінен кәмелетке толмаған қыздармен түскен жалаңаш суреттер табылды деді. Трамптың адвокаты ол материалдардың бәрін полицияға бердім дейді.

Байденнің ноутбугін жөндеген жөндеу орталығының қожайыны оның дискіндегі ақпаратты көшіріп алып, сол арқылы ақпарат Джулианиге жеткен-мыс.

3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!