Сенат депутаттары Алматыдағы бірнеше әскери мекемеде болды

21:08, 19 қыркүйек 2017

Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар алдымен Құрлық әскери институының жеке құрамымен кездесіп, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Институтты жылына 400 сарбаз тәмамдап, «лейтенант» шенін алып шығады. Ал Шекара қызметі академиясында сенаторлар шекара күзеті мен қорғанысында қолданылатын қару-жарақтарды көріп, Қазақстанда жасалған әскери техникалармен танысты. Кинологиялық орталық жұмысының ерекшелігі айтылды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-«Не керек, қандай жағдайды шешу керек? Бізден, депутаттардан не қалайсыздар?» деген сұрақтармен келіп отырмыз. Өте ашық әңгіме. Бәрін бояп, жылтырайтын жағын ғана көрсететін бізге керек жоқ. Шын сөз болу керек. Өйткені біз де осы жерде жай өзіміздің уақытымызды өткізбейік, пайда тисін деген мақсатымыз бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!