Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Тоқаев қандай мәселелерді көтерді

11:42, 25 сәуір 2024

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды. Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізуді бұйырған.

2024 жылдың 25 сәуірінде өтіп жатқан, Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясында мемлекет басшысы елдегі бірқатар маңызды мәселерді көтерді.

"Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген аймақтарында алапат су тасқыны болып жатыр. Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы. Соған сай Үкімет барлық қажетті іс-әрекеттерді жасап жатыр, тиісті қаражат бөлінді, ірі компаниялар мен бизнес өкілдері қол ұшын беруде.",-деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев елдегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты қаржыны үнемдеп, кейбір іс-шараларды кейінге қалдырғанын немесе онлайн форматқа өткізгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда күн тәртібіндегі бірінші мәселе су тасқыны жайлы да тың ақпараттар айтты.

"Жиналған қаражат елді мекендерді қалпына келтіруге жұмсалады. Сондай-ақ апаттың кесірінен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек ретінде беріледі. Ешкім елеусіз қалмайды. Мемлекет шығынды түгел өтейді. Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды. Мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізіледі."Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұдан бөлек, осынау қиын-қыстау күнде ассамблея белсенді жұмыс істеп жатқанын да баса айтты.

"Тасқын басталғаннан бері Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Оған бүкіл ел куә. Жұртқа жан-жақты көмек беру үшін дереу Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылды. "Жүректен жүрекке" деген ауқымды акция жүргізіліп жатыр. Апат аймақтарына 1500 тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданды. Оның жалпы сомасы шамамен 770 миллион теңге болды.",- деді президент.

Сессияда бұдан өзге су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылғанын атап өтті.

"Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз. Дәл сол себепті Ассамблеяның бүгінгі сессиясы "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" деп аталды.",- деді мемлекет басшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!