Алматыдағы түңгі клубта арнайы операция өткізілді

11:03, 25 сәуір 2024

© Сурет: Алматы прокуратурасы баспасөз қызметі

Алматыдағы түңгі клубтардың біріне Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 сәуірдегі Алматы прокуратурасының мәліметінше, олардың бастамасы бойынша ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

"Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық "мефедрон" есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.",-делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

16 сәуірде біз Алматы маңындағы арнайы операция туралы хабарлаған болатынбыз. Оның барысында қыздан 40 кг есірткі және 28 мың доллар тәркіленген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!