Президент Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдіргендер туралы айтты

12:28, 25 сәуір 2024

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстанның көк паспорты жоғары құндылықтарды бейнелейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, көк паспорты бар әрбір адам ұлтына, көзқарасы мен наным-сеніміне қарамастан, Қазақстан азаматының барлық құқығын иеленеді.

"Қазақстан Республикасының кез келген азаматы әлемнің қай түкпірінде жүрсе де біздің мемлекетіміздің қорғауында болады. Біз ешқашан өз азаматтарымызды тағдыр тәлкегінде қалдырмаймыз."Қасым-Жомарт Тоқаев

Ары қарай, біздің көк паспортымызды бүкіл әлем заманауи озық мемлекеттің құжаты ретінде танитыдығымен жалғастырды.

"Қазақстан азаматтары ондаған мемлекетке визасыз бара алады және біздің табанды жұмысымыздың арқасында мұндай елдердің қатары көбейіп келеді. Қазір Қазақстан Әлем төлқұжаттары индексінде 66-орында тұр. Бұл – жаман көрсеткіш емес.",- деді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны айтарлықтай азайды.

"Осының бәрі еліміздің тұрақты дамып келе жатқанын, біздің елге қызығушылықтың арта түскенін және мемлекетіміздің халықаралық беделі жоғары екенін көрсетеді"Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетейік, мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды. Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізуді бұйырған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!