Жетісу облысында 13 бас мал ұрлап, етін сатқан күдіктілер ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Тоғыз эпизод, ұрланған 13 бас мал және 10 миллион теңгеге жуық шығын. Жетісу облысында полиция қызметкерлері бірнеше рет мал ұрлады деген күдікпен екі ер адамды ұстады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Талдықорған қаласының 41 және 49 жастағы тұрғындары алдын ала ойластырылған жоспар бойынша әрекет еткен. Олар Ақсу және Ескелді аудандарындағы жайылымдардан ірі қара мен жылқы ұрлаған.
Малдарды сол жерде сойып, етін Талдықорған қаласына жеткізген. Кейін гаражда етті бөлшектеп, саудаға шығарған. Алайда полиция қызметкерлері күдіктілердің кезекті ұрлығын соңына дейін жеткізуіне жол бермеді. Ақсу ауданында жедел уәкілдер ұрланған етті гаражға жеткізу кезінде, яғни оларды қылмыс үстінде ұстады. Шамамен 600 келі жылқы еті тәркіленді.
Ұрланған мүлік заңды иелеріне қайтарылды. Полицияның дер кезінде араласуы нәтижесінде ұрланған еттің одан әрі сатылуына тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге қосымша шығын келтірудің алды алынды.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың 2025–2026 жылдары тіркелген мал ұрлығының өзге де деректеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Келтірілген жалпы шығын көлемі 9,6 миллион теңгеден асады. Екі күдікті де қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 20 қараша 2026
Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады
-
12:26, 20 қараша 2026
Қарағанды облысында балық аулауға кеткен үш адамның мәйіті табылды
-
12:14, 20 қараша 2026
Мексикада ұшақ тасжолға құлап, өртеніп кетті
-
12:03, 20 қараша 2026
Круиздік кемедегі демалыс жаппай ауруға байланысты бұзылды: 150-ге жуық турист ішек инфекциясын жұқтырды
-
11:58, 20 қараша 2026
Қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі – «Қазгидромет» демалыс күндеріне болжам жасады





