20 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

16:57, 19 қараша 2026
MKZ: 1578668

© Фото: akorda.kz

Жұма, 20 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Антициклон жотасының әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында ғана жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның 2026 жылғы 20 қарашаға арналған болжамында айтылған.

"Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады. Ел аумағында тұман түседі. Солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болып, батыста, оңтүстікте және орталықта жел күшейеді", – деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, үш облыстың кей аумақтарында өрт қаупі жоғары болады:

  • Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында;
  • Алматы облысының солтүстігінде;
  • Жетісу облысының оңтүстік-шығысында.

Бұған дейін синоптиктер 20–22 қарашада Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы болатынын хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!