Мексикада ұшақ тасжолға құлап, өртеніп кетті
© Сурет: pexels
Мексикада шағын ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, көлік көп жүретін тасжолға құлағаннан кейін өртенді. Борттағы алты адамның барлығы аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Sun басылымының мәліметінше, оқиға Монтеррей халықаралық әуежайына жақын орналасқан Аподака қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Piper Malibu 46 ұшағы қозғалтқыш қуатын жоғалтып, ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Қоршауға соғылған әуе кемесі Монтеррей – Нуэво-Ларедо тасжолының маңына барып тоқтаған.
Көп ұзамай ұшақ отқа оранып, оқиға орнынан қою қара түтін көтерілген. Апат орнына өрт сөндірушілер мен жедел қызмет мамандары жетті. Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсірген. Кадрлардан жанып жатқан ұшақты және тасжолда қозғалысын жалғастырған көліктерді көруге болады.
Ұшақ бортында жасы 30 бен 60 аралығындағы төрт жолаушы және экипаждың екі мүшесі – 41 жастағы Дэвид Корона Кабреро мен 25 жастағы Алан Адриан Куэвас Лоо болған.
Алты адамның барлығы жеңіл жарақат алған. Ешқайсысы ауруханаға жатқызылған жоқ. Оқиғадан кейін әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды. Қазір қозғалтқыш қуатының жоғалу және апатқа ұшырау себептері тексеріліп жатыр.
Ұшақ Casago компаниясына тиесілі болған және Мехико қаласына жақын орналасқан Атисапан қаласына бағыт алған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 12:40, 20 қараша 2026
Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады
- 12:34, 20 қараша 2026
Жетісу облысында 13 бас мал ұрлап, етін сатқан күдіктілер ұсталды
- 12:26, 20 қараша 2026
Қарағанды облысында балық аулауға кеткен үш адамның мәйіті табылды
- 12:03, 20 қараша 2026
Круиздік кемедегі демалыс жаппай ауруға байланысты бұзылды: 150-ге жуық турист ішек инфекциясын жұқтырды
- 11:58, 20 қараша 2026
Қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі – «Қазгидромет» демалыс күндеріне болжам жасады





