Президент OpenAI-мен әріптестік және еліміздің барлық университеттерінің ChatGPT Edu-ге қол жеткізгенін айтты
© Фото: unsplash
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның NVIDIA және OpenAI компанияларымен ынтымақтастығы, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы жобалардың нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, Қазақстан NVIDIA компаниясымен жемісті ынтымақтастық орнатқан. Осы орайда ол компанияның бас директоры Дженсен Хуангқа Астанаға арнайы келгені үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар OpenAI компаниясымен серіктестік аясында еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының оқытушылары ChatGPT Edu арнайы чат-ботын еркін пайдалану мүмкіндігіне ие болған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университеті, Массачусетс технологиялық институты (MIT), Беркли және Карнеги Меллон университеттері сарапшыларының қолдауымен қазақстандық студенттер 22 мыңнан астам жоба әзірлегенін жеткізді.
Мемлекет басшысының сөзінше, жасанды интеллектіге қатысты жүздеген шешім қазірдің өзінде бизнес, денсаулық сақтау, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларына енгізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, Satbayev Technical University мен Гонконг қалалық университетінің ынтымақтастығы да осы бағытта айтарлықтай нәтиже берген.
Президент Нгай мырзаның жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді өндіріске енгізу туралы бастамасын толық қолдайтынын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:58, 19 қараша 2026
Стратегиялық әріптестер форумы аясында БҰҰ университетінің өңірлік филиалын ашу туралы келісімге қол қойылады
-
13:54, 19 қараша 2026
Қазақстан Вашингтон моделі негізінде БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеуді қолдайды
-
13:50, 19 қараша 2026
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым – Президент
-
13:45, 19 қараша 2026
Қазақстан барлық жетекші университеттермен өзара тиімді әріптестікті нығайтуды көздейді – Президент
-
13:45, 19 қараша 2026
Тоқаев: Қазақстан барлық елмен зияткерлік байланысты ұлғайтуға ұдайы баса мән береді





