«Күн жауын-шашынды болады». Еліміз бойынша 20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

17:15, 19 қараша 2026
MKZ: 1578673

© Сурет: Zakon.kz

Алдағы жұмада Қазақстан аумағының басым бөлігі қолайсыз ауа райының ықпалында болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің 2026 жылғы 20 қарашаға арналған ауа райы болжамында қамтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, антициклон әсерінен тек еліміздің солтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұманнің түсуі жатқызылады. Солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болады, батыста, оңтүстікте және орталықта жел екпін алады деп болжанады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның үш өңірінде өрт шығу қаупі жоғары:

  • Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында;
  • Алматы облысының солтүстігінде;
  • Жетісу облысының оңтүстік-шығысында.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 20-22 қараша аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!