59 жаста жүкті болған британдық әйел кеш ана атанғаны үшін айтылған сынға жауап берді
© Фото: pexels
Британдық GB News телеарнасының жүргізушісі, дәрігер Рене Хендеркамп тікелей эфир кезінде үшінші баласын күтіп жүргенін мәлімдеді. Жаңалықты жариялаған кезде оның жасы 59-да, ал жүктілік мерзімі 12 апта болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News басылымының жазуынша, бұл жаңалық сенбідегі эфир кезінде әріптестері үшін күтпеген жағдай болған. Кейін тележүргізуші авторлық бағанында отбасы туралы толығырақ айтып берді. Ол тұңғышын – ұлын 21 жасында, ал қызын 51 жасында дүниеге әкелген.
Хендеркамп кеш ана атанудың өзіндік артықшылықтары бар деп есептейді.
"Жас, өмірлік тәжірибе, шыдамдылық және қаржылық тұрақтылық жақсы ата-ана болуға шынымен көмектеседі", – дейді ол.
Алайда жүктілігі туралы хабарлағаннан кейін әйел тек құттықтаулар ғана емес, жағымсыз пікірлер де алған. Оның айтуынша, кейбір қолданушылар бұл шешімін "жиіркенішті", "өзімшілдік" деп бағалап, дұрыс емес екенін айтқан.
Тележүргізуші қоғамның ана мен әкенің жасына қатысты көзқарасындағы айырмашылыққа да назар аударды. Оның айтуынша, қызы дүниеге келген кезде баланың әкесі 57 жаста болған. Қазір ол 66 жаста және отбасында тағы бір сәби күтіп жүр.
"Қоғам ер адамдардың 70 немесе 80 жасында әке болуына сирек қарсылық білдіреді. Қосарланған стандарттарды байқамау мүмкін емес", – деп жазды Хендеркамп.
Сонымен қатар, жүктіліктің кеш кезеңде болуы белгілі бір медициналық қауіптермен байланысты. Америкалық акушер-гинекологтар колледжінің мәліметінше, 35 жастан асу акушерлік қауіптің жоғарылауына әсер ететін фактор саналады. Ал 40 жастан кейін гестациялық диабет, преэклампсия, түсік тастау және мерзімінен бұрын босану ықтималдығы артады.
Während einer Live-Sendung teilt TV-Moderatorin Renée Hoenderkamp mit, dass sie schwanger ist – mit fast 60 Jahren. https://t.co/XcL6iDQXMg
— stern (@sternde) November 17, 2026
Жасқа байланысты қауіптер болашақ әкелерге де тән. Зерттеулер кеш әке болудың жүктілік асқынуларымен, нәрестенің салмағы төмен болып тууымен және кейбір генетикалық бұзылыстармен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 19 қараша 2026
«Екі жағдайда да қызметімнен кетемін»: Никол Пашинян күтпеген мәлімдеме жасады
-
14:46, 19 қараша 2026
Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды
-
14:35, 19 қараша 2026
Жапонияда көлік жүргізушінің жай-күйін бағалайтын технология әзірленді
-
10:32, 19 қараша 2026
Зейнеткер Таиландтан 33 келі есірткі әкеліп, «миллиондаған» пайда таппақ болған
-
09:42, 19 қараша 2026
Ер адам мәйітханада «тіріліп», темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды





