Михаил Шайдоров бапкері Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты
© Сурет: Instagram/olympia_da
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2026 жылғы 19 қарашада ОКҚ-да өткен брифингте Михаил Шайдоровтың Миландағы Олимпиада ойындарына дайындаған бапкерінен бас тартқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер министрден тараған ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұрады.
"Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Михаил Шайдоров үшін жаңа олимпиадалық цикл басталды. Алексей Урмановпен жасалған келісімшарт бұзылғаны рас", – деп растады Ербол Мырзабосынов.
Сондай-ақ министр чемпионның қазіргі уақытта кімнің жетекшілігімен жаттығып жүргені туралы сұраққа жауап берді.
"Қазір біз Михаил Шайдоровтың командасынан жаңа бапкерге қатысты ұсыныстар күтіп отырмыз. Бұл – спортшының және оның командасының өз таңдауы. Бас бапкер, жеке бапкер және техникалық элементтер бойынша мамандар тобы анықталған кезде қосымша хабарлаймыз", – деді министр.
Оның айтуынша, Михаил Шайдоров үшін жаңа дайындық кезеңі басталған. Атап айтқанда, жыл басынан бері ол 13 оқу-жаттығу жиынына және бірқатар жарысқа қатысқан.
"Біз оны әрдайым қолдаймыз. Қазір ол Олимпиада чемпионы ретінде жаңа команда таңдауға, солармен бірге жұмыс істеуге және жаңа элементтерді меңгеруге құқылы. Өзі айтқандай, енді Олимпиада чемпионы мәртебесінде жарыстарға қатысу оған оңай болмайды. Дегенмен бұл кезеңнен өтетініне сенімдіміз. Қысқы Азия ойындарына дейін әлі уақыт бар. Оның үстіне, 2029 жылы бұл жарыс Алматыда өтеді. Өз тарапымыздан Алексей Урмановқа үлкен алғыс айтқымыз келеді. Ол – өзі Олимпиада алтынын жеңіп алған және Олимпиада чемпионын дайындауға көмектескен маман. Осы үш жылда Михаилдің командасымен ауқымды жұмыс атқарылды. Алексей Урманов еліміздің спортшылардың жаңа буынымен де жұмыс істейді деп үміттенеміз", – деп түйіндеді Туризм және спорт министрлігінің басшысы.
Еске салайық, 2026 жылғы 14 ақпанда Алексей Урманов шәкірті Михаил Шайдоровтың Олимпиада ойындарындағы өнеріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасап, спортшымен мақтанатынын айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:12, 19 қараша 2026
«Барыс» бес шайба жіберіп, сырт алаң сериясын сәтсіз бастады
-
11:04, 19 қараша 2026
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Эстонияда өтетін Tallinn Trophy турнирінде бақ сынайды
-
22:00, 18 қараша 2026
World Boxing рейтингісінде төрт қазақстандық боксшы көш бастап тұр
-
20:37, 18 қараша 2026
FIFA-ның жаңартылған рейтингісі жарияланды. Қазақстан нешінші орында тұр
-
17:27, 18 қараша 2026
Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесі: Қазақстан төртінші себетке түсті





