Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды
© Сурет: kremlin.ru
2026 жылғы 19 қарашада Шэньчжэнь қаласында өткен үшжақты келіссөз қорытындысында Ресей президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және АҚШ президенті Дональд Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжаттың мәтіні Кремльдің ресми сайтында жарияланды.
"Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин және Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп 2026 жылғы 19 қарашада Шэньчжэнь қаласында кездесті. Ресей мен АҚШ басшылары осы тарихи үшжақты саммитті ұйымдастырып, өткізгені үшін Қытайға алғыс білдірді. Үш елдің басшылары қазіргі халықаралық ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасып, стратегиялық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау жолындағы ұстанымдарын растады", – делінген декларацияда.
Декларацияның төрт тармағы
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде Ресей, Қытай және АҚШ ұйымды реформалауды қолдайтынын білдірді. Реформа БҰҰ-ның жаһандық сын-қатерлерге тиімдірек ден қоюына және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі негізгі міндетін атқаруына мүмкіндік беруге тиіс.
- Үш мемлекет барлық елдің игілігі үшін мұнай өнімдерін өндіру мен жеткізу көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Тараптар энергия ресурстарын тұрақты жеткізудің маңызын растады.
- Үш елдің басшылары мемлекеттердің келісімі қағидатын сақтау және олардың лауазымды тұлғаларының иммунитетін құрметтеу айрықша маңызды екенін атап өтті. Олар Халықаралық қылмыстық сот пен соған ұқсас өзге де құрылымдар өз өкілеттіктерін теріс пайдаланбауға тиіс деген ортақ пікірге келді.
- Мемлекет басшылары ядролық соғыста жеңімпаз болмайтынын және мұндай соғысты ешқашан бастауға болмайтынын растады. Үш ел ядролық қатерді азайту және ядролық қарудың таралуына жол бермеу жөнінде диалог жүргізеді.
Үшжақты келіссөз Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясында өтті. Кездесудің кіріспе бөлігі ашық өтті, одан кейін көшбасшылар келіссөзді жабық есік жағдайында жалғастырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:37, 19 қараша 2026
Украинадағы қақтығыстан ядролық соғыс қаупіне дейін – Путин, Си және Трамп келіссөзде не айтты
-
14:57, 19 қараша 2026
«Екі жағдайда да қызметімнен кетемін»: Никол Пашинян күтпеген мәлімдеме жасады
-
14:46, 19 қараша 2026
Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды
-
14:35, 19 қараша 2026
Жапонияда көлік жүргізушінің жай-күйін бағалайтын технология әзірленді
-
14:24, 19 қараша 2026
59 жаста жүкті болған британдық әйел кеш ана атанғаны үшін айтылған сынға жауап берді





