«Жарты сағаттай ұрып-соққан» – Теміртауда қаза тапқан әйелдің туыстары оқиғаның мән-жайын айтты

12:52, 19 қараша 2026
MKZ: 1578570

© Фото: Zakon.kz

Теміртауда кісі қолынан қаза тапқан Ирина Керннің жақындары оның өліміне қатысты мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

38 жастағы Ирина Керн 2026 жылғы 20 қыркүйекте жоғалып кеткен. Сол кезде Теміртау мен қала маңында ауқымды іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздеуге Иринамен бірге тұрған ер адам да белсене қатысқан. Кейін ол әйелдің өліміне қатысты басты күдікті ретінде ұсталды.

40 жастағы ер адам шипажайда от жағушы болып жұмыс істеген. Қарашаның басында сол шипажай аумағындағы көлден әйелдің бөлшектелген денесі табылды.

Иринаның артында үш баласы қалды. Олардың бірі – Ирина мен күдіктінің үш жасар ортақ баласы. Марқұмның әпкесі Анастасия Духова үш баланы да өз қамқорлығына алатынын айтты. КТК телеарнасына берген сұхбатында ол өзінің де үш бала тәрбиелеп отырғанын, бір апта бұрын күйеуін жерлегенін жеткізді. Анастасия сіңлісінің өліміне кінәлі адамның ең қатаң жазаға тартылуын талап етпек.

"Оны жарты сағаттай ұрып-соққан. Кейін денесін қорлаған. Денесін алып кетіп, көлге жасырған. Қайда екенін көрсетуін, іздеуге көмектесуін сұрадым. Ол іздеуге қатысты, бірақ Иринаның өліміне қатысы барын мойындамады. "Өзі кетіп қалды" деп сендіріп, тергеуді жаңылыстырды", – деді Анастасия Духова.

Бұған дейін Қарағанды облысында көлік жүргізген әйелдің 14 жастағы оқушы қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған еді. Қыз қаза тапқан. Оқиға қараңғы түскен кезде болған. Куәгерлер көліктің соңынан қуған. Ал жүргізуші болған жайтты басқаша баяндайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!