Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ төңірегіндегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
© Фото: zakon.kz
ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылы 18 қарашада "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты түсініктеме беріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет басшысы нақтылап өткендей, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жекелеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу әрекеттерін жүргізуде.
"Барлық мән-жайлар жүргізіліп жатқан тергеу аясында анықталуда. Жағдай Мемлекет басшысының бақылауында. Құзыретті органдар заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып, объективті әрі жан-жақты тергеу жүргізуге тиіс. Қазіргі кезеңде сөз нақты бір жағдай туралы болып отыр. Бұл жағдай қордың бүкіл компаниялар тобының қызметіне күмән келтіруге негіз бола алмайды". Олжас Бектенов
Сондай-ақ ол жақын арада "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының жаңа төрағасы тағайындалатынын да айтты. Оның айтуынша, бұл ретте басқару ісіндегі сабақтастық пен Қор қызметінің үздіксіздігі толық қамтамасыз етіледі.
"Қор тобына кіретін барлық компаниялар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Қордың даму стратегиясы өзгеріссіз қалады. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бекітілген жоспарларға сәйкес жалғасады. Инвесторлар, кредиторлар, банктер және халықаралық қаржы институттары алдындағы барлық қаржылық, шарттық және борыштық міндеттемелер уақтылы әрі толық көлемде орындалады". Олжас Бектенов
Сонымен қатар, премьер-министр атап өткендей, орын алған жағдай корпоративтік басқаруды одан әрі нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.
"Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде қор мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңестерінің, сондай-ақ олардың жанындағы бейінді комитеттердің, ең алдымен аудит және тәуекелдерді басқару комитеттерінің рөлін күшейтуді қажет деп санаймын. Ішкі бақылау, комплаенс және ішкі аудит тетіктері қайта қаралып, күшейтіледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға, мүдделер қақтығысын анықтауға, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға және басшылардың дербес жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылады".Олжас Бектенов
Үкімет басшысы айтуынша, бұл арадағы міндет тек нақты құқық бұзушылықтарға ден қоюмен шектелмейді. Ең бастысы, мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермейтін тиімді жүйе қалыптастыру.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі қордың стратегиялық бағытының өзгермейтінін, тұрақтылық, ашықтық және жауапты әріптестік қағидаттарына бейілділігін растайды. Қазақстан халықаралық инвестициялық және қаржы қоғамдастығы үшін сенімді әріптес болып қала береді. Біз инвесторларымыз бен кредиторларымыздың сенімін жоғары бағалаймыз және ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз". Олжас Бектенов
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:27, 18 қараша 2026
«Қазақфильм» киностудиясының президенті жаңадан тағайындалды
-
17:20, 18 қараша 2026
Жөнделмеген жолға төленген 45 млн теңге: ҰҚК әкімдік қызметкерлеріне қатысты істі тергеп жатыр
-
17:11, 18 қараша 2026
Алматы әуежайына Австралиядан ерекше жүк келіп жетті
-
16:56, 18 қараша 2026
Қазақстанда балалардың әлеуметтік желідегі аккаунттары өшіріле ме: депутат жауап берді
-
16:52, 18 қараша 2026
Депутат E-otinish арқылы азаматтарға берілген жауаптарды тексеруді сұрады





