Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

22:33, 18 қараша 2026
MKZ: 1578476

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің "Сараман жолы" атты жаңа кітабының тұсауы кесер рәсімі өтті. Іргелі еңбекте қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов пен оның ұлы Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы кеңінен баяндалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автор қос тұлғаның тағдыры арқылы өткен ғасырдағы қазақ қоғамының саяси тарихын, ел басынан өткен күрделі кезеңдерді де қамтыған. Алғашқы бөлімдерде Мұхтар Әуезовтің жұбайы Фатима Ғабитованың ауыр тағдыры баяндалады. Автор әкелі-балалы Әуезовтердің қоғамдық және ғылыми қызметіне де ерекше тоқталған. Сондай-ақ олардың Үндістан, Жапония және Америкаға жасаған сапары да кітапқа арқау болыпты, деп хабарлайды КТК.

"Кітаптың басынан аяғына дейін - XX ғасыр шежіресі, XX ғасырды біліп-тану үшін, зерттеу, зерделеу үшін толған ақпарат, тарихи дерек, жалпы керемет зерттеу деп есептеймін". Зиябек Қабылдинов, ҰҒА академигі, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры

Автордың айтуынша, бұл еңбек кейінгі ұрпаққа өткен ғасырдың тарихын тереңірек танып, ұлт зиялыларының өмір жолымен танысуға мүмкіндік береді. "Сараман жолы" 2023 жылдан 2026 жылға дейін "Айқын", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі" газеттері мен "Жұлдыз" журналында жарияланып келген. Енді кітап болып оқырманға жол тартты.

"Ең бірінші триггер — Әуезов тақырыбында жазамын деп жоспарламағанмын. Бұған Ләйлә Мұхтарқызы түрткі болды. Кітап 10 тараудан тұрады, барлығы Қазақстанның түрлі басылымында, 2023 жылдан 2026 жылға дейін жарық көрді. Кез келген кітаптың мақсаты – оқырманға жету. Сондықтан бұл көпшілікке таныс кітап деп айта аламын".Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҰҒА академигі, тарих ғылымының кандидаты, заң ғылымының докторы, профессор

Туынды 10 тараудан тұрады. Оны автор Мұхтар Құл-Мұхаммед үш жылдың ішінде жазған.

Бұған дейін Қазақстанның халық ақыны, айтыс өнерінің көрнекті өкілі Әсия Беркенованың дүниеден өткені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!