G20 саммитіне дайындық: Тоқаев АҚШ-пен келіссөздердегі өкілімен кездесті

16:05, 18 қараша 2026
MKZ: 1578427

© Сурет: Ақорда

Бүгін, 2026 жылғы 18 қарашада, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша АҚШ-пен келіссөздердегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ержан Қазыхан Мемлекет басшысына Майамиге жоспарланған сапарға дайындық барысы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен осы қалада өтетін G20 саммитіне қатысады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

G20 саммиті 2026 жылғы 14–15 желтоқсанда Майамидегі Trump National Doral Miami гольф-клубының аумағында өтеді. Бұл "Үлкен жиырмалық" елдері көшбасшыларының 21-ші кездесуі болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамптың шақыруымен Майамидегі G20 саммитіне қатысатыны 2026 жылғы 13 тамызда белгілі болды. Ал 27 қазанда Қазақстан Президентінің атына АҚШ басшысынан жеделхат келіп түсті. "Желтоқсанда G20 саммитінде Сізбен кездесуді асыға күтемін", – деп жазды Дональд Трамп.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!