Қоқыс пакетінен адамның басы табылды: АҚШ-та зейнеткер әйел мен қызы кісі өлтірді деген күдікке ілінді
© Сурет: pexels
АҚШ-тың Калифорния штатында 73 жастағы Пол Уэсли Фицмориске қатысты кісі өлтіру ісі бойынша 75 жастағы әйел мен оның 45 жастағы қызы қамауға алынды. Тергеу 2022 жылғы қыркүйекте итін серуендетіп жүрген әйел қоқыс салынған пакеттен адамның басын тауып алған кезде басталған.
Fox News басылымының мәліметінше, марқұм із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болмаған. Оның әйелі Джорджия "Гвен" Фицморис пен қызы Мэри туыстарына ер адамның әлі тірі екенін айтып келген. Сонымен қатар олар марқұмның әлеуметтік төлемдері мен мемлекеттік зейнетақысын алып отырған.
"Олар Пол әлі тірі деген көріністі сақтап келді", – деді Плейсер округінің шерифі Уэйн Ву.
Тергеу нұсқасы бойынша, туыстарына ер адамның үйден оқшауланып, кейде бірнеше күнге жоғалып кететіні айтылған. Қызы әкесін өлтірді деген күдікке ілінсе, әйелі қылмысқа көмектесті және мәйіт қалдықтарын жасыруға қатысты деп күдіктеліп отыр.
Тергеушілер қылмыс Ситрус-Хайтс қаласындағы отбасылық үйде жасалған деп есептейді. Прокуратура қызына кісі өлтіру бабы бойынша айып тақпақ. Әзірге қылмыстың қаржылық себептермен жасалғаны анықталған жоқ.
"Тергеушілердің әлі атқаратын жұмысы көп. Қазіргі кезеңде қылмыстың себебі туралы айтатын болжамдарымның бәрі жорамал ғана болар еді", – деді шериф.
Бастапқыда мәйіт қалдықтары қатты шіріп кеткендіктен, марқұмның кім екенін анықтау мүмкін болмаған. 2024 жылғы қаңтарда ДНҚ үлгісі Othram зертханасына жіберілді. Мамандар генетикалық генеалогия әдісін қолданып, ФБР көмегімен ер адамның туысын тапқан. Оның ДНҚ үлгісі марқұмның жеке басын растауға мүмкіндік берді.
Сейсенбіде полиция мен ФБР қызметкерлері отбасының үйіне тінту жүргізді. Алайда марқұмның басқа дене мүшелері әзірге табылған жоқ.
"Кеше үйде жүргізілген тінту кезінде басқа мәйіт қалдықтарын таппадық", – деді Уэйн Ву.
Бұған дейін Павлодар облысында жеке үйден мумияланған мәйіттердің табылуына қатысты оқиға аяқталғаны хабарланған еді. Егде жастағы әйел мен оның үлкен қызы қайтыс болған туыстарының мәйіттерін ұзақ уақыт бойы үйінде сақтаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:52, 19 қараша 2026
«Жарты сағаттай ұрып-соққан» – Теміртауда қаза тапқан әйелдің туыстары оқиғаның мән-жайын айтты
-
12:36, 19 қараша 2026
Қарағанды хайуанаттар бағында жаңа ерекше құс пайда болды
-
12:12, 19 қараша 2026
«Барыс» бес шайба жіберіп, сырт алаң сериясын сәтсіз бастады
-
12:06, 19 қараша 2026
Астанада кәсіпкер туралы жалған ақпарат таратып, одан 50 млн теңге бопсалаған ер адамның үкімі күшінде қалды
-
11:53, 19 қараша 2026
52 мыңнан астам қазақстандықтың неліктен баспана кезегінен шығарылғаны белгілі болды





