52 мыңнан астам қазақстандықтың неліктен баспана кезегінен шығарылғаны белгілі болды

11:53, 19 қараша 2026
MKZ: 1578559

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстанда 52 535 адам мемлекеттік баспана кезегінен шығарылды. "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру кезінде олардың жеке меншігінде тұрғын үй бар екені анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 14 қыркүйекте "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Енді баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекте тұрғандардың деректерін түгендеу үшін олардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге бөлек келісім алу талап етілмейді.

"Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес банк тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар туралы мәліметтерді толық түгендеді. Түгендеу барысында меншігінде баспанасы бар азаматтар анықталды. Олар заңда белгіленген тұрғын үйге мұқтаж деп тану талаптарына сай келмейді. Нәтижесінде жеке меншігінде тұрғын үйі бар 52 535 азамат есептен шығарылды", – делінген банктің баспасөз қызметі 17 қарашада таратқан хабарламада.

Банк алдағы уақытта баспана ортақ бірлескен меншігінде тұрған азаматтардың да деректерін тексеруді жалғастырады. Заңда көзделген негіздер болса, олар да есептен шығарылады.

2026 жылғы 22 қазанда Отбасы банктің Алғашқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы департаментінің директоры Азат Әшімов кейбір қазақстандықтардың мемлекеттен баспана алу үшін қандай айлаға баратынын айтқан еді. Ол сондай-ақ 200 мыңға жуық қазақстандықтың баспана кезегінен шығарылуы мүмкін екенін ескертіп, оның себептерін түсіндірді.

4 қарашада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елімізде қанша азамат баспанаға мұқтаж екенін мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!