Жаңбырлы Алматы: Алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

18:31, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: unsplash

Синоптиктер Алматы қаласы бойынша бір аптаға арналған алдын ала ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz .

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, келесі аптаның кейбір күндері жауын-шашынды болады. Ол кездері ауа температурасы +17 градусқа дейін төмендейді.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2024 жылы 14-20 қыркүйек аралығында оңтүстік астанада найзағай ойнап, қатты жел тұрады.

14 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C, күндіз: +17...+19°C.

15 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +20...+22°C.

16 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10+...12°C, күндіз: +22...+24°C.

17 қыркүйек: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +10+...12°C, күндіз: +18...+20°C.

18 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +8+...10°C, күндіз: +20...+22°C.

19 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +21...+23°C.

20 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +23...+25°C.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!