Ливанда пейджерлер жарылып, «Хезболла» сарбаздары жаппай жарақат алды

21:55, 17 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

17 қыркүйекте Ливанның "Хезболла" тобының жүздеген сарбазы ішкі байланыс мақсатында пайдаланатын пейджерлері жарылып, көбісі зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, бұл оқиға үйлестірілген хакерлік шабуылдың салдары болуы мүмкін. Зардап шеккендердің көбісі Бейруттағы ауруханаларға келіп түсті.

Сарапшылар "Хезболла" Израиль хабарламаларын оқып қоймасы үшін пейджерлерді жаппай қолданатынын айтады. Сарапшылардың бірі құрылғылар топ мүшелерінің қолына тигенде дейін бұзылған болуы мүмкін деп болжайды. Пейджердің жарылуынан зардап шеккендердің арасында Иранның Ливандағы елшісі Моджтаба Амани де бар, деп хабарлады Mehr агенттігінің дереккөздері. Мақалада "Израилдің Ливан мен Сирияға кең ауқымды кибершабуыл жасады" деп айтылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!