«Бірін бірі құтқармақ болған». Алматы облысында құдықтан үш адамның денесі табылды
© Сурет: unsplash
Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су тоқтап қалған соң әкесі 15 жастағы ұлын ертіп, үйінің жанындағы құбырды тексермек болыпты. Қасында көршісі де болған. Құдыққа бірінен кейін бірі түскендер, сол күйі жер бетіне шықпаған.
"Бірінші інімді алып шықты. Қарасақ, денесі суып кеткен. Бірінші көмектен кейін құсып жіберіп, көзін ашты ... болды. "Жүріп кеткен" деді. Одан кейін Серік деген ағаны шығарды. Үшіншісін де, түбіне жете алмай, су болып тұр іші. Өрт сөндірушілер суды сорғызып, баланы шығарып алды. Ол кезде бала көгеріп кеткен", деп КТК марқұмның туысы Дина Айтбаеваның сөзін келтіреді.
Әу баста, құдықты бір қарап шығуға 15 жастағы жасөспірім түскен екен. Ол сол арада талып қалады. Әкесі құтқаруға ұмтылғанымен, кері шыға алмай, ес-түссіз құлаған. Артынан 56 жастағы көршісі түсіп, ол да төменде тіл тартпай кетті. Туыстарының шырылдап отырғаны — құдықтың беті көлік жүретін жолдан бір қарыс төмен орналасқан. Топырақпен көміліп жатқанына бір айдан асыпты. Бітеу тұрып, ауа айналымы жүрмегендіктен, ішінде улы газ пайда болуы мүмкін.
Үшеудің өліміне қатысты екінші болжам — құдықтың ішінде тоқ ұруы мүмкін.
Шенділер осыдан бір емес, бақандай төрт жыл бұрын үстінен жол төселіп кеткен құдықты ретке келтіруге адам өлімінен кейін ғана кіріскен екен.
"2020-2021 жылдары жолды қабылдап алған кісі қазір қызметте жоқ. Не себепті дәл судың үстіне жол салып өткенін айта алмаймын. Мынаның бетін көтереді. Жөндеу жұмыстарын жасайды. Көліктер өте алатындай етіп жасаймыз".Жасұлан Кәділ, Кеген ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Қазір марқұмдардың денесі Қонаев қаласында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:07, 19 қыркүйек 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 19 қыркүйектегі валюта бағамдары
-
11:58, 19 қыркүйек 2024
Алматы облысында газдың жарылуы салдарынан екі қабатты үйдің күл-талқаны шықты, үй иесі қаза тапты
-
11:44, 19 қыркүйек 2024
Қорғаныс министрлігінің қызметі кеңейді
-
11:36, 19 қыркүйек 2024
Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы: Қазақстанда кім және қалай көмек ала алады
-
11:27, 19 қыркүйек 2024
Whatsapp арқылы қазақстандықтарды 90 млн теңгеге алдап кеткен алаяқтар ұсталды