Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері белгілі болды

12:32, 17 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 2024 жылғы 17 қыркүйекте көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар және оларға кім үміткер бола алатындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 582,7 мың отбасы жалпы сомасы 313,7 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде тамыз айында 577,9 мың отбасыға 38,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

"Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы келесідей:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз. Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бұған дейін Қазақстан билігі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қалай көмектесетінлігін жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!