Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды

21:34, 17 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

17 қыркүйекте Петропавлда Парковая көшесінің бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, өрт сөндірушілер 220 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сегізінші қабаттағы пәтерлердің бірінде үй заттары мен жиһаз отқа оранған.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 3 адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді, өрттің шығу себебі анықталуда. Бір адам ауруханаға жатқызылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!