Президент Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуіне қатысты
© Сурет: akorda.kz
Саммитті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқаны және өңірлік кооперацияға қолдау көрсеткені үшін Федералдық канцлер Олаф Шольц пен Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл Орталық Азия мемлекеттері мен Германияның өңірлік стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға мүдделілігі мен ұмтылысын айғақтайды деп санаймын. Біздің кездесуіміз бірлескен жұмысты қорытындылап қана қоймай, кооперацияны одан әрі тереңдетудің жаңа бағыттарын айқындауды мақсат етеді. Бүгін сауда, инвестиция, энергетика, экология, көлік-логистика, білім-ғылым сияқты салаларға қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз. Сындарлы пікір алмасулар елдерімізге пайда әкелетін шешімдер шығаруға ықпал ететініне сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Германияның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық тұрғыдан дамуы көптеген мемлекетке жақсы үлгі. Неміс технологиясы мен инвестициясы экономиканың түрлі саласына оң әсер етіп отыр. Біз Германияның өңіріміздегі барлық мемлекетпен теңқұқылы серіктестікті дамытуға ниет танытқанын жоғары бағалаймыз. Оған Германияның социал-демократиялық партиясы қабылдаған "Орталық Азия: байланыс және мүмкіндік" атты бағдарлы құжаты дәлел бола алады", – деді Қазақстан Президенті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:44, 19 қыркүйек 2024
Шымкент тұрғынының ауласынан 71 түп қарасора тәркіленді
-
09:35, 19 қыркүйек 2024
Маңғыстау облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтары қорғалды
-
09:27, 19 қыркүйек 2024
Алматыда 1,5 мыңнан астам мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды
-
09:14, 19 қыркүйек 2024
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқтар ұсталды
-
09:01, 19 қыркүйек 2024
Алматы аулаларында ХҚБ бағдарламасы бойынша жайлы демалыс аймақтары пайда болды