Қазақстанға саяхатшылардың негізгі бөлігі қай елдерден келеді

© Фото: Zakon.kz
ҚР Туризм және спорт министрлігі бүгін, 17 қыркүйекте жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша туристердің басым көпшілігі қай елдерден келгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Статистикаға сәйкес, елімізге келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Мысалы, жақын көршілерден бөлек, Қазақстанға мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастады.
"2024 жылдың алғашқы 6 айында елімізге ең көп саяхатшы Ресей Федерациясынан келген. Былтырғы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға 186,1 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 69 918 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Үндістан (53 695 адам) жайғасты. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында Түркия (30 312) және АҚШ (19 597) елдері бар".ҚР Туризм және спорт министрлігі

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізге 566,5 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 515,8 мың шетелдік турист келген.
"Елімізге Үндістан, Түркия және АҚШ сияқты елдерден келетін туристер санының артуы Қазақстанның әлемдік туристік картада жыл өткен сайын тартымды бағытқа айналып жатқанын көрсетеді. Біз туристік инфрақұрылымды дамытуды және әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз", — деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Бұған дейін Қазақстанда сирек кездесетін алабарыстың фототұзаққа түсіп қалғаны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 15 маусым 2025
Ақтөбеде алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты
-
17:20, 15 маусым 2025
40-42 градус: Қазақстанда аптап ыстыққа байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 15 маусым 2025
Маңғыстауда өртеніп жатқан көлік жарылды
-
15:15, 15 маусым 2025
Ақмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында қарасора өсірген
-
14:45, 15 маусым 2025
Алматы облысындағы өткелде жүк пойызы жол талғамайтын көлікті соқты