Айналымы 3,1 млрд теңге: Шымкентте екі онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
© Фото: unsplash
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Шымкент қаласы бойынша департаменті Bingo-37 және Lotoboom онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 9 қазанда жарияланған тергеу деректеріне сәйкес, ықтимал ойыншыларға WhatsApp мессенджері арқылы құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныс жазылған хабарламалар жіберілген. Ойыншы хабарласқаннан кейін оған аккаунт ашып, логині мен құпиясөзін, сондай-ақ ақша аударуға арналған шоттардың деректемелерін берген.
Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына ашылған банк шоттары пайдаланылған.
Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңгені құраған.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырушылар қылмыстық жолмен тапқан табысына құны 200 млн теңгеден асатын мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер мен екі жер учаскесі бар.
Сот үкімімен екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
"Аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді", – деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бірнеше күн бұрын, 7 қазанда Алматыда Asar Baspana қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шыққаны белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:55, 9 қазан 2026
Алматыдағы ХҚКО-лардың бірі «Адем» сауда үйіне көшеді
-
10:47, 9 қазан 2026
Қазақстандықтан мемлекет пайдасына 12 млн теңге өндірілді: ол не істеген
-
10:34, 9 қазан 2026
Қазақстанның әскери техникасы Ресейдегі оқу-жаттығудан оралмады деген ақпарат – жалған
-
10:26, 9 қазан 2026
Химиялық күйік алып, тістерінен айырылған: Ақтөбелік әйел стоматологты қателік жасады деп айыптады
-
10:20, 9 қазан 2026
Өскемен маңындағы орманда саңырауқұлақ теруге барған қария адасып кеткен





