«Волка с Уолл-стрит» фильмінің жұлдызы Роб Райнердің өліміне ұлы күдікті ретінде танылды
© Сурет: "Волка с Уолл-стрит" фильмінен үзінді
Лос-Анджелес полициясы аты аңызға айналған голливудтық режиссер Роб Райнер мен продюсер Мишель Сингер Райнердің өліміне олардың ұлы Ник Райнер "жауапты болуы мүмкін" деп мәлімдеді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Белгілі болғандай, 13 желтоқсанда Конан О’Брайеннің үйінде өткен мерекелік кеш барысында 32 жастағы Ник Райнер әкесімен жанжалдасқаны байқалған. Осыдан кейін ол кісі өлтірді деген күдікпен ұсталып, кепілдікпен босату құқығынсыз қамауға алынған. Бұл туралы CNN өз дереккөзіне сілтеме жасап жазды.
Нақтылай кетсек, жексенбі күні ерлі-зайыптылардың қызы олардың Брентвудтағы үйінен ата-анасының мәйіттерін тапқан.
Бұған дейін АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы Мишельдің өлі табылғаны хабарланған болатын. БАҚ деректеріне сәйкес, ерлі-зайыптылар пышақ жарақатынан көз жұмған.
People журналының дереккөздері қылмысқа жұптың ұлы – сценарист Ник Райнердің қатысы болуы мүмкін екенін хабарлады. Айта кету керек, ол ұзақ уақыт бойы есірткіге тәуелділіктен зардап шегіп келген.
Роб Райнер шығармашылық отбасында дүниеге келген. Оның анасы Эстелль Райнер актриса болған, ал әкесі Карл Райнер — комик, актер, режиссер және сценарист, "Эмми" сыйлығының тоғыз дүркін иегері.
Бұған дейін Дмитрий Дибровтың бұрынғы әйелі алғаш рет көңіл қосқан адамымен бірге көпшілік алдына шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды
-
18:04, 16 желтоқсан 2025
Алматыда монша және сауна иелерімен профилактикалық жұмыс күшейтілді
-
17:40, 16 желтоқсан 2025
Қазақстандық конькимен жүгіруші Норвегиядағы Әлем кубогы кезеңінде 6-орын алды





