Каспий теңізіне форель шабақтары жіберілді
© Фото: Zakon.kz
Тәуелсіздік күні қарсаңында Каспий теңізіне форель балығының шабақтары жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24 kz" арнасының мәліметінше, Маңғыстау облысының Қарақия ауданында теңіз аквакультураcын дамытуға бағытталған кезекті кезең басталды. Теңіз аумағында диаметрі 120 метрден асатын торлы қондырғылар орнатылып, онда балықтар табиғи ортада өсіріледі.
Теңіздегі торларға 60 мыңнан астам шабақ жіберілді. Қазіргі уақытта онда шамамен 12 тоннаға жуық балық өсіп жатыр.
"Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып, экономиканың дамуына, агроөнеркәсіп саласын қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді", – делінген репортажда.
Бұл – Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы теңіз шаруашылығы бойынша алғашқы ауқымды жоба. Алдағы жылы мұнда алғашқы 300 тонна балық алу жоспарланса, 2029 жылға қарай өндіріс көлемін жылына 5 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Айта кетейік, желтоқсан айының басында Дағыстан аумағындағы Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылған болатын. Ал 12 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий мен Арал теңіздерін бірлесіп қорғау жөнінде ұсыныс білдірген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:12, 16 желтоқсан 2025
Қошанов Орталық Азия мен Корея Республикасы парламентарийлерін жастарды қолдауда бірігуге шақырды
-
14:42, 16 желтоқсан 2025
Дмитрий Дибровтың бұрынғы әйелі алғаш рет көңіл қосқан адамымен бірге көпшілік алдына шықты
-
14:30, 16 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
-
14:19, 16 желтоқсан 2025
Алматыда Бибігүл Төлегенованы әскери оркестрмен құттықтады
-
14:06, 16 желтоқсан 2025
Өңірлердегі 3 мың әйел жүкті әйелдерге арналған пансионаттарда көмек алды





