Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды

21:12, 15 желтоқсан 2025

© Фото: zakon.kz

Алаяқтар түрлі тәсілді қолданады. Оның ішінде әлеуметтік инженерия әдістерін, нөмірлерді қолдан жасау тәсілдерін және жалған интернет-ресурстарды пайдалану да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта ең көп таралған алаяқтық схемалар төмендегідей:

Телефон және интернет алаяқтығы

  • Алаяқтар өздерін банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің өкілдері ретінде таныстырып, "күдікті операция" деген сылтаумен азаматтарды SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін айтуға немесе ақшаны өз еркімен аударуға көндіреді.

Фишингтік хабарламалар

Жеткізу қызметтері, коммуналдық ұйымдар, басқарушы компаниялар немесе банктер атынан SMS-хабарламалар мен электронды хаттар жіберіледі. Хабарламадағы сілтемелерге өту жеке және қаржылық деректердің таралуына әкеледі.

Мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық

  • WhatsApp және Telegram желілерінде басшылардың, әріптестердің немесе туыстардың атынан жалған аккаунттар ашылады. "Шұғыл жағдай" деген желеумен алаяқтар ақша аударуды немесе реквизиттерді беруді сұрайды.

Жалған инвестициялар және қаржылық пирамидалар

Криптовалютаға, бағалы қағаздарға немесе онлайн-жобаларға инвестиция салу деген желеумен азаматтарға жылдам табыс уәде етіледі. Қаражат салынғаннан кейін "инвесторлармен" байланыс үзіледі.

Онлайн сатып алу кезіндегі алаяқтық

  • Жоқ тауарлар мен қызметтерге, тұрғын үйді жалға алу немесе автокөлік сату бойынша алдын ала төлем жасау фактілері жиі кездеседі. Ақша алынған соң сатушылар байланысқа шықпайды.

Жеке деректерді пайдалану

Заңсыз алынған жеке куәлік деректері мен ЖСН арқылы үшінші тұлғалардың атына несие мен микрокредиттер рәсімделеді.

"Полиция банк және мемлекеттік органдардың қызметкерлері телефон арқылы растау кодтарын, банк карталарының деректерін сұрамайтынын ескертеді. Күмән туындаған жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, ресми қызметтерге өз бетіңізше жүгініңіз", делінген хабарламада.

Бұған дейін алаяқтар тактикасын өзгертіп жатқанын Бас прокуратура ескертіп, мәлімдеме жасаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!