Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды
© Сурет: видео скрині
ТЖМ құтқарушылары түтін толған көпқабатты үйден 20 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда Қостанайда 112 пультіне Қобыланды батыр даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде қатты түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.
"Оқиға орнына жеткен кезде бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында жиһаз бен тұрмыстық заттар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан баспалдақ алаңы арқылы 20 адамды эвакуациялады", - делінген хабарламада.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз!" Төтенше жағдайлар министрлігі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:03, 16 желтоқсан 2025
Qazaqstan телеарнасы 16 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің концертін көрсетеді
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Билік мереке кезеңде әуе компаниялары мен әуежайларға жұмыс режимін күшейтуді тапсырды
-
19:30, 16 желтоқсан 2025
Рыбакина 2026 жылғы маусымды қай жарыстан бастайды
-
19:23, 16 желтоқсан 2025
PlayStation 5, тыныш оқу аймақтары: Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді





