«Барыс» көшбасшысы сыртта өткен матч барысында жарақат алды
© Сурет: Instagram/barys_official
"Барыс" хоккей клубы "Автомобилистпен" және мәскеулік "Динамомен" сыртта өтетін матчтарға аттанды, бірақ қазақстандық команданың барлық мүшесі мұз айдынға шыға алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астаналық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл матчтарға қақпашы Адам Шил қатыспайды. Жақын арада ол жарақат алған ойыншылар тізіміне енгізіледі.
Ағымдағы маусымда америкалық қақпашының есебінде 18 матч және сегіз жеңіс бар, сенімділік коэффиценті 2,69 % және қайтарылған шайба - 91,5%.
Шилдің кәсіби мансабы Далластан басталды. Өткен маусымда Адам "Колорадо Иглз" сапында өнер көрсетіп, Америкалық хоккей лигасында 14 матч өткізді, қақпаға соғылған шайбаның 90,4%-ын қайтарды. Сонымен қатар ол Британдық жағалау хоккей лигасының "Юта Гриззлис" командасы қатарында 19 кездесу өткізген.
Бұған дейін УЕФА Темірлан Анарбековты ресми түрде мойындағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 15 желтоқсан 2025
Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке бөленді
-
22:57, 15 желтоқсан 2025
АҚШ Ресей мен Украина арадағы даулы мәселелердің 90%-ын реттеді деп санайды
-
22:45, 15 желтоқсан 2025
«Ақтүтек боран, көктайғақ». Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:12, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды





