«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
© Сурет: видеодан алынды/Zakon Live
Батыс Қазақстан облысындағы ұйытқыған қарлы боран ауыл тұрғындарын ойсыратып, титықтатып тастады. Көбісі ауа райының қолайсыздығынан төрт түліктің бір бөлігінен айырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеолардың бірінде Казталов ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары құтқарушылармен бірге қыстақ маңын тазалап, қойларды қалың қардың астынан аршып алып жатқанын көруге болады. Олардың көпшілігі қар астында бүтіндей қалып кеткен.
Сондықтан олардың бірталайы қырылған: бірі қатып қалса, бірі тұншығып өлген.
Облыста күн райы аяқ-астынан күрт нашарлаған. Әйтпесе, күндіз ғана сынап бағаны жоғары болып, жылыны көрсеткен, ал далада басы қылқиған шөп әлі бар-тұғын. Сондықтан барша төрт түлікті даладан қораға әлі қайтармаған.
Шығынның нақты мөлшері әлі белгісіз. Оларды санау үшін барлық мал басын табу керек.
Бұған дейін БҚО-да үш адам үсіп өлген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 15 желтоқсан 2025
Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке бөленді
-
22:57, 15 желтоқсан 2025
АҚШ Ресей мен Украина арадағы даулы мәселелердің 90%-ын реттеді деп санайды
-
22:45, 15 желтоқсан 2025
«Ақтүтек боран, көктайғақ». Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:57, 15 желтоқсан 2025
«Барыс» көшбасшысы сыртта өткен матч барысында жарақат алды
-
21:12, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды





