Қазақстан азаматтары Тайландқа тағы бір жаңа тәсілмен жете алады

19:34, 15 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстер санын арттыруда. Мәселен, 15 желтоқсаннан бастап "SCAT" әуе компаниясы жаңа әуе рейсін іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл арада Тайландқа қарай жаңадан ашылған Шымкент – Бангкок бағыты туралы сөз болып отыр.

Рейстер аптасына екі рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері — Boeing 737 MAX 8 және Boeing 737–800 типті әуе кемелерімен орындалатын болады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіледі.

Бұған дейін Қазақстаннан Грузия бағытына қарай жаңа әуе рейсі ашылғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!