Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2025 жылғы 17 желтоқсанда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Қонаевта таңертең және күндіз көктайғақ, тұман күтіледі.
Алматыда күндіз көктайғақ, тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, кей уақытта қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ сақталады.
Ақмола облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде қар, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының батысында,солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.
Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам
-
20:43, 16 желтоқсан 2025
Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады
-
20:22, 16 желтоқсан 2025
Шымкент таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді
-
20:03, 16 желтоқсан 2025
Qazaqstan телеарнасы 16 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің концертін көрсетеді
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі мерекелік күндердегі әуе рейстеріне қатысты маңызды шешім қабылдады





