«Ақтүтек боран, көктайғақ». Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22:45, 15 желтоқсан 2025

© Сурет: unsplash

"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың 16 желтоқсанында Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның барлық облыстарында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Алматыда 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында қар жауады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда 16 желтоқсанда кей уақыттарда тұман болу ықтималдылығы жоғары. Шымкентте 16 желтоқсанда күннің соңында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Талдықорғанда 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда 16 желтоқсанда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аздап жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 16 желтоқсанда түнде көктайғақ болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 16 желтоқсанда кей уақыттарда қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Қостанайда 16 желтоқсанда түнде және таңертең қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 16 желтоқсанда таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 16 желтоқсанда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 16 желтоқсанда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 25 м/с құрайды.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 16 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Астанада 16 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 16 желтоқсанда қар бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 16, 17 және 18 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынып, күннің күрт суытатынын ескерткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!