Үлкен су келу қаупі бар төрт қалада не болып жатқанын онлайн режимде көруге болады

18:15, 18 сәуір 2024

© Сурет: unsplash

2024 жылы 18 сәуірден бастап ел азаматтары еліміздің төрт қаласындағы су тасқыны жағдайын онлайн арқылы бақылай алады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 сәуірде үлкен су келеді деп күтілген Орал мен Атырауда не болып жатқанын кез келген азамат онлайн режимде көре алатынын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтқан еді.

Бүгін тағы екі қала – Қостанай мен Құлсары да жаңа функционалға қосылғаны белгілі болды.

"Еліміз үшін осындай қиын кезеңде біз де өз тарапымыздан су тасқынына қарсы шараларға өз үлесімізді қосып жатырмыз. Енді әрбір азамат онлайн-трансляция арқылы Орал, Атырау, Қостанай қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексере алады. Үлкен суға дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс білдіреміз", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізіліп жатқан өңірлердің онлайн-трансляциясы gov.kz сілтемесі бойынша қолжетімді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!