Түркістан облысында екі жылда алты АГТС салынды

18:49, 9 желтоқсан 2024

© Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында елдімекендерді газбен қамту жұмысы өте қарқынды жүруде. Екі жылда 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы ел игілігіне тапсырылып, газ желілері ұзарды. Солардың бірі Мақтаарал ауданы, Игілік елді мекенінде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған маңызды нысанға өңір басшысы Дархан Сатыбалды арнайы барып, АГТС-тың жай-күйімен танысты. Тұрғындарды құттықтады.

Дархан Сатыбалды, АГТС, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 18:49

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Өңірде елдімекендерді газбен қамту жұмысы жалғасады. Газ тарату станциялары салынып, аймақтың инфрақұрылымы жақсара түсті. Бұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі", – деген облыс әкімі тұрғындармен жүздесіп, пікір алмасты.

Дархан Сатыбалды, АГТС, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 18:49

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне газдандыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде атқаруды тапсырды.

АГТС, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 18:49

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Мақтаарал" автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы ауданды газбен қамту көрсеткіші жақсара түскен. Жалпы бүгінде аудан халқының 75,6%-ы газбен қамтылған. Тұрғындарды 100% қамту үшін қосымша автоматтандырылған газ тарту станциясы салынып, 19 елдімекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін 2024 жылға 4,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Тағы 4 елдімекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, қаржы бөлуге ұсынылған.

АГТС, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 18:49

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, елдімекендерді газбен қамту жұмыстары бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында келеді. Екі жылда 187 мың тұрғын, 90 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!