Сот Мейірхан Шерниязовтың да мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады
© Сурет: Instagram/Мейірхан Шерниязов
26 желтоқсанда Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Мейірхан Шерниязовтың ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабында көзделген жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыру туралы өтінішін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта Шерниязовты Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2023 жылғы 23 маусымдағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (қаржы пирамидасын құру және басқару) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны анықталды.
Азаматтық талаптың жалпы сомасы 814 120 806 теңге, мемлекеттік баж түріндегі сот шығындары 8 045 602 теңге. Сотталушымен 15 000 теңге көлемінде мемлекеттік баж және Жәбірленушілерге өтемақы қорына 58 340 теңге мәжбүрлі төлем өтелген.
Үкім 2024 жылдың 1 ақпанында заңды күшіне енді.
"Сот талқылауы барысында сотталғанның жазасын неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш хатты қанағаттандырудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылатын зиянның өтелмегені де анықталды. Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот М.Шерниязовтың жеке ісінің материалдарын жан-жақты зерттеп, сот қаулысымен өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды", делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 25 маусымда Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Төребаевтың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыру туралы өтінішін қарады. Ол да қанағаттандырылмаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды