Түнде СҚО-да автокөлік маралды қағып кетті

12:37, 14 тамыз 2020

Тамыздың 14-іне қараған түні СҚО-ның Қызылжар ауданында "Scoda Superb" маркалы автокөлік күтпеген жерден жолға шығып кеткен маралды қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы шамамен түнгі сағат 00.10-да Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолының 466-шы шақырымында, Бескөл ауылының тұсында орын алды.

Жүргізуші, 40 жастағы астаналық тұрғын еш жарақат алған жоқ, оны қауіпсіздік жастығы сақтап қалды. Соққыдан автокөлігі зақымданып, оны алып кету үшін арнайы техника шақыртуға тура келді. Жануар оқиға орнында жан тапсырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!